«30-тамыз мемлекеттік мереке - Конституция күні. Ата Заң–мемлекеттің, оның ішінде қоғам тынысын, елдің қатынасын реттейді. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституцияның 20 жылдығының тарихы тығыз байланысты. «Қасым ханың қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы»- қазақ елінің алғашқы заңдарының негізі. Сіздерді Ата Заңның 20- жылдық мерекесімен құттықтаймын, дендеріңізге саулық тілеймін! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!-деді «№2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі» КММ директорының әлеуметтік қызметтер жөніндегі орынбасары Райхан Сейдалиева.
Шара қалалық мәдениет үйіның «Асыл аналар» әжелер ансамблінің мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.
«ZhambylNews» АА



