» » Ұлық мереке Жамбыл жерінде де ерекше ықыласпен тойланды

Ұлық мереке Жамбыл жерінде де ерекше ықыласпен тойланды

Ұлық мереке Жамбыл жерінде де ерекше ықыласпен тойландыҚұрбан айтқа есігі айқара ашық қаладағы мешіттерге намазға жығылуға жиылған жамағаттың қарасы қалың,-деп жазады 24.kz. 
Жұртшылық елдің береке, бірлігі артып, бейбітшілігі баянды болсын деген ниетпен құрбан шалып, бір-біріне жақсылық тілеуде. Құрбан айт – адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, адалдығы мен басқаларға жанашырлығы таразыға түсетін күн. Бұл күні сараңдық пен жомарттық та сыналады. Таразда құрбандыққа арнап саудаланған мал бағасы да саудагердің пейіліне қарай сатылуда. Мерекеде шама-шарқы келгендер құрбан шалып, көмекке зәрулерге жанашырлық танытты. Арнайы мешітке әкеліп шалынған малдың еті тұрмысы төмен, мұқтаж жандарға таратылды.

Пікір: 0
Пікір қосу