» » Батыс Еуропа - Батыс Қытай көлік дәлізінің құрылысы биыл аяқталмайды

Батыс Еуропа - Батыс Қытай көлік дәлізінің құрылысы биыл аяқталмайды

Батыс Еуропа - Батыс Қытай көлік дәлізінің құрылысы биыл аяқталмайдыБатыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің құрылысы биыл да аяқталмайды. Осыдан 3 жыл бұрын салынып бітуі керек магистральді шенеуніктер тағы да келер жылға қалдырып отыр. Осы жоба бойынша Жамбыл, Оңтүстік Қазақстанда төселген жолдардың кей бөліктері қазірдің өзінде сын көтермейді. Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі Александр Горяинов мәлімдеді,-деп жазады 24.kz
Оның айтуынша, Павлодарда 1 шақырым жол төсеуге 400 миллионға жуық теңге бөлінсе, Астана-Алматыда бұдан шамамен 3 есе көп қаржы жұмсалған. Себебі жобалау жұмыстары жүйелі жасалмаған. Жемқорлыққа да жол берілген. Қазірдің өзінде 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тағы да 4 шенеуніктің ісі әкімшілік жазаны тағайындайтын құзырлы органдарға жіберілді. Айта кетейік, автокөлік жолдары комитеті 2014 жылы қазынадан бөлінген қаржының 2 миллиардтан астамын игермеген. Соған қарамастан, биыл жыл соңына дейін 343 млрд теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29%-ға көп Александр Горяинов,Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі: - Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізі бағдарламалық құжаттар бойынша 2012 жылы аяқталуы тиіс болатын. Алайда сан мәрте кейінге қалдырылып, енді 2016 жылы аяқталуы керек. Бірақ келер жылы ондағы құрылыс жұмыстары тағы да бітпейді деген қауіп бар. Себебі 2,5 шақырымға созылып жатқан Алматы-Термез көлік магистралін салу жұмыстары әлі қолға алынған жоқ. Ал бұл жолды 2,5 жылда төсеп бітеді. Сондай-ақ «Нұр жолы» өткізу бекетін салу мәселесі де шешімін таппаған.



Пікір: 0
Пікір қосу